Президент
«Республиканской Палаты
по заводским породам лошадей»
Масимбаева А.
____________
ЖАРТЫЛАЙ ҚАНДЫ ЖӘНЕ БУДАН ЖЫЛҚЫЛАРДЫ ТІРКЕУ МЕН ПАСПОРТ БЕРУ ЕРЕЖЕСІ
1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1.«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңына сәйкес, зауыт жылқыларынан
тараған, жартылай қанды және будан жылқыларды тіркеу «Зауыт жылқылар туқымдары бойынша Республикалық Палата» іске асырады (ары карай-Палата).
1.2.Палата, Қазақстан Республикасы аумағында зауыт тұқымды жылқылардан тараған жартылай қанды және будан жылқыларды тіркейтін жалғыз ұйым болып табылады.
1.3.Тіркелген жылқылар туралы мәліметтер Информациялық Анилитикалық Жүйеге және
Палата дерекқорына енгізіледі.
1.4.Палатаға тіркелген барлық жылқыларға міндетті түрде Палата өкілі микрочип енгізеді.
2.ЖАРТЫЛАЙ ҚАНДЫ ЖЫЛҚЫЛАРДЫ ТІРКЕУ
2.1. Жартылай қанды жылқы ол- ата енесінің біреуі немесе екеуі де белгілі бір зауыт тұқымына жатқызылып, сол тұқымның асыл тұқымды кітабына жазылған, асыл тұқымды құжат беруге жауапты ұйымның асыл тұқымдылығын растайтын құжаты бар жылқы.
2.2. Ат иесі, бекітілген құлынды тіркеу өтінімін (1 нысан) толтыруы міндетті, өтінімге бір немесе екі белгілі ата енесінің асыл тұқымды құжаттарын қоса өткізу керек.
2.3. Өтінім, жартылай қанды жылқы туылғанынан 1 ай аспай өткізілу керек.
3.БУДАН ЖЫЛҚЫЛАРДЫ ТІРКЕУ
3.1.Будан жылқы ол- ата енесінің белгілі бір тұқымғы жататындығы жайында құжаттары жоқ, бірақ белгілі тұқымға тән қасиеті бар жылқылар саналады.
3.2. Ат иесі, бекітілген құлынды тіркеу өтінімін (1 нысан) толтыруы міндетті, өтінімге болжамалы ата енесіннің аттарын жазуы керек.
3.3. Будан жылқыларды тіркеу оның сынақта/ ат спортында жетістіктері бар ата енесіне сәйкестігін тексеру үшін ерікті турде жүргізіледі.
4.ШЫҒУ ТЕГІН РАСТАУ
4.1. Құлынды тіркеудің міндетті шарты, шығу тегі сәйкестігіне жал немесе қан арқылы ДНҚ талдауын өткізу.
4.2. Жал немесе қан сынамасын, жылқының сәйкестігін тексеріу барысында Инспектор алады, алынған сынама ДНҚ талдауына тікелей зертханаға жөнелтіледі.
4.3. ДНҚ талдыуын өткізетін зертхана, сондай зертханалардың халықаралық ұйымының мүшесі болуы керек және/немесе Қазақстан Республикасы аумағында тексерістен өтуі керек.
4.4. ДНҚ талдауы нәтижесінде алынган генетикалық маркерлер зертханада құпия түрде сақталады.
5. ПАСПОРТ
5.1. Паспорт, Палата болжамалы ата енесіне талдау жасалынғаннан кейін беріледі.
Паспорт қазақ және ағылшын тілінде толтырылады, және келесі мәліметтерден тұрады:
· Жылқының аты (кең тараған немесе колдыныстағы атты берген кезде соңынан шаруашылық қосымшасы жазылады);
· Түсі, жынысы, туылған күні (жылы, айы,күні);
· Палата жайында мәлімет;
· Әкесінің аты;
· Енесінің аты;
· Ерекше белгілерінің және ендерінің графикалық және сөздік сипаттамасы.
· Микрочипномері;
· Туылған шаруашылық атауы,бірмезгілде оның алғашқы иесі болады;
· Иесінің ауысуы жайында деректер, ағымдағы иесі келесі иеге өтуін өз қолын кою арқылы растайды;
· Ата енесіне сәйкесігіне ДНҚ талдау жургізілгені жайында мәлімет;
· Егу және басқа да ветеринарлық ескертулерге арналған беттер;
· Жылқыны сынау нәтижелеріне арналған беттер. Деректерді сол рәсімге өкілетті, сынақты бақылайтын орган жүзеге асырады.
5.2. Паспорт жоғалған жағдайда, ат иесі бекітілген (2 нысан) өтінімді толтырады. Паспорт дубликаты жылқыны сәйкестіргеннен кейін беріледі.
5.3. Өлген жылқылар паспорттары өлген күнін көрсетіп Палатаға кайтарылуы керек.
6. ЖЫЛҚЫНЫҢ АТЫН ТІРКЕУ
6.1. Жартылай қанды және будан жылқыларға атты өтінім толтырған кезде беру керек. Кең тараған немесе жиі берілетін ат берген кезде, ат иесі жеке қосымша қосып жазуы керек, қосымша 2-3 бас әріптен тұруы керек. Бұл қосымша сол жылқының аталған шаруашылыққа тәндігін білдіреді. Префиксті қайталанбауы үшін Палатада тіркеу керек.
6.2. Жылқының аты, шаруашылық қосымшасы мен бос жерді қосқанда18 әріптен артық болмауы керек.
6.3. Жылқының аты ретінде, атақты адамның атын немесе фамилиясын олардың рұқсатынсыз беруге болмайды.
6.4. Атақты өнеркәсіп атауын олардың ресми рұқсатынсыз беруге болмайды.
6.5. Жылқының аты санмен аяқталмау керек.
6.6. Жылқының аты тек символдардан, инициалдан құралмауы керек, тире, қос нүкте сияқты белгілер болмауы керек.
6.7. Жылқының аты жаргон және өрескел болмауы керек. Ол ешқандай да бір діндік, политикалық, этникалық топтарға тіл тигізізбеу керек. Айтылуы мен жазылуда одан ертерек тіркелген аттарға ұқсас болмау керек.
6.8. Жылқының аты оның әкесінің және туған бауырының атын қайталамау керек.
6.9. Жылқының аты әріптен баска белгі немесе символдан басталмауы керек.
7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7.1. Осы ереже Қазақстан Республикасында зауыт жылқыларын өсіретін шаруашылықтың барлық түрлеріне міндетті.
7.2. Палата, осы ережеледің қандай да бір талаптары орындалмаған жағдайда тіркеуден бас тартуға құқылы.
7.3. Жылқыларды тіркеу және құжаттары беру ақылы, төлеу күніне Палатаның ресми қабылданған бағасымен төленеді.
1 Нысан
Зауыт жылқылар туқымдары бойынша Республикалық Палатасына құлынды тіркеуге өтінім
____________________________________шаруашылықта туылған
шаруашалық атауы /иесінің аты-жөні
____________________________________________________________________________________________________________________
мекен-жайы, байланыс телефон номері
Өтінім“_____ “_________________20___жылы.
туылған, жынысы___________ түсі____________
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Болжамалы аты( 18 әріптен аспауы керек)
Әкесінің аты_______________________ тұқымы___________________________________
Енесінің аты_______________________тұқымы___________________________________
Енесінің әкесі (аты)_________________тұқымы____________________________________
Біз, төменде қол қойғандар берілген мәліметті растаймыз.
Шаруашалақ басшасы ______________________________ аты-жөні/ қолы
Жауапты маман ______________________________ аты-жөні/ қолы
М.О.
Өтінім беру күні:” ____” _______________ 20 ___ г.
2 Нысан
Зауыт жылқылар туқымдары бойынша Республикалық Палатасына паспорт дубликатын алуға өтінім
Келесі жылқыға дубликат беруді отінемін, аты:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
түсі__________________
жынысы _______________________
туылған күні_______________
Әкесінің аты_______________________ тұқымы___________________________________
Енесінің аты_______________________тұқымы___________________________________
Иесінің аты-жөні, шаруашылық атауы: _________________________________________________________________________
Шаруашалақ басшасы ______________________________ аты-жөні/ қолы
Жауапты маман ______________________________ аты-жөні/ қолы
М.О.
Өтінім беру күні:” ____” _______________ 20 ___ г.