Таза қанды мініс жылқы тұқымының оларды тіркеу және Қазақстан Республикасында танылмаған жылқылардың регистрі жайлы ереже


Бекітемін

«Зауыт жылқылар тұқымдары 

бойынша Республикалық Палатасы»

Президенті  Мәсімбаева Ә.М.

____________________________

 

 

ТАЗА ҚАНДЫ МІНІС ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМЫНЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ КІТАБІ, ОЛАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАНЫЛМАҒАН ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ РЕГИСТРІ ЖАЙЛЫ ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңына сәйкес таза қанды мініс жылқы тұқымының асыл тұқымды кітап басшылығын (әрі қарай – кітап) «Зауыт жылқылар тұқымдары бойынша Республикалық Палата» (әрі қарай – Палата) жүзеге асырады.

1.1. Палата Қазақстан Республикасында мініс жылқы тұқымы жылқыларын кітапта тіркеу және асыл тұқымдылық құжаттарды беруге құқылы жалғыз ұйым болып табылады.

1.2. Қазақстан Республикасының асылтұқымды жылқылардың кітабі төрт жылда бір рет шығарылады. Кезекті том араласында, әр жыл сайын алдыңғы томға толықтырулар шығарылады.

1.3. Палата озінің қызметін Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңы, халықаралық өсіру және ұшқыр байге туралы келісімнің баптарына сәйкес (IABRW) және Халықаралық асыл тұқымды кітаптар комитетінің ережелеріне сәйкес (International Stud Book Committee - ISBC),сәйкес жүзеге асырады.

 

2. ЖЫЛҚЫЛАРДЫ ТІРКЕУ ШАРТТАРЫ

Жылқы кітапқа тіркелуі үшін келесі шарттар орындалуы тиісі:

2.1. Өтінім берілген жылқының ата – енесі,  Халықаралық асыл тұқымды кітаптар комитетінің «қабылданған» мәртебесіне ие болған кітапта тіркелуі міндетті.

2.2. IABRW кесісімінің 13 бап 13.4.1 тармағына сәйкесқұлын тек табиғи шағылыстыру (айғырды биеге физикалық түрде) салу нәтижесінде алыну керек.

 2.3. Колдан ұрықтандыру нәтижесінде, эмбрион трансплантациясы, клондау және басқа да генетикалық процесс нәтижесінде алынған құлын, кітапқа тіркеле алмайды..

2.4. Бие шет елде шағылыстырылса, сол елдің кітабі шығылыстыру сертифкатын беру керек.

 

3. ӨНДІРІСТІК ҚҰРАМДАҒЫ ЖЫЛҚЫЛАРДЫ ТІРКЕУ

Өндерістік айғырлар мен биелерді тіркеу

3.1. Айғырлар мен биелер алғашқы шағылыстыру кезеңіне дейін Палатада тіркелуі керек.

3.2. Өндірістік жылқыларды тіркеу үшін, жылқылардың паспортын қоса отырып, қабылданған өтінімді толтыру керек (8 Нысан)

3.3. Палата Өкілі (әрі қарай - Инспектор) кітапқа тіркелгені және өндірістік құрамға өткенін растап, паспортқа мөр қояды.

3.4. Шағылыстыру басында, биенің иесі айғырдың паспортындағы мөрді тексеру керек. Айғырдың иесі де бие паспортының мөрін тексеріп биені паспорты бойынша сәйкестердіруі керек.

3.5. Айғырдың иесі шағылыстыру нәтижесі туралы мәліметті Палатаға қабылданған Нысан бойынша (1 Нысан )ағымдағы жылдың 1 Тамызына дейін мәлімдеуі керек, мәлімдеменің ішінде мыналар болуы керек:

·         Айғырдың аты, туылған күні, түсі, ата – енесі және оның иесі;

·         Биенің сәйкестендірілуі жайлы;

·         Биенің аты, туылған күні, түсі, ата – енесі және оның иесі;

·         Барлық салынған күндері;

·         Айғыр иесі колы койылған шағылысу табиғи турде болғандығы жайында, ешкандай ба бір қолдан ұрыктандыру, эмбрион трансплантациясы, клондау, және баска да генетикалық процесстер орын алмағаны жайындар кепілдік декларациясы;

3.6. Өндірістік құрамға ауысқан айғыр және бие, қан немесе жал үлгілерін алу арқылы генетикалық ДНҚ талдауын өту керек.

 

4. ЖАҢА ТУЫЛҒАН ҚҰЛЫНДАРДЫ ТІРКЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

4.1. Бие иесі Палатаға кабылданған нысанда (2 Нысан) құлынның туылуы жайлы мәліментті ағымдағы жылдың 1 Қыркүйегіне дейін беру керек. Өтінімде келесі мәліметтер болыу тиіс:

·         Туылған мемлекет;

·         Айғырдың аты;

·         Биенің аты;

·         Туылған күні(куні, айы, жылы);

·         Түсі, жынысы;

·         Бие иесі, туылған құлынның алғашқы иесі болып табылатын шаруашылық аталуы;

·         Жаңа туылған құлынның болжамдалған аты;

·         Айғыр иесі колы койылған шағылысу табиғи турде болғандығы жайында, ешкандай да бір қолдан ұрыктандыру, эмбрион трансплантациясы, клондау, және баска да генетикалық процесстер орын алмағаны жайындар кепілдік декларациясы;

Қазақстан Республикасына импортталған биелерден туылған құлындар, кітапқа жалпы ережелер бойынша тіркеледі.

 

5. СӘКЕСТЕНДІПУ ҚҰЖАТТАРЫ

Белгілер сипаттамасы.

5.1. Инспектор құлынның белгілерін енесініен бөлгенге дейін сипаттау керек. Инспектор, биенің паспортын сәйкестікке тексеру қажет.

5.2.Құлын белгілерінің және таңбаларының сипаттамасы қабылданған нысанда (4 Нысан) жазылуы керек және келесі мәліметтерден тұру керек:

·         Айғырдың аты;

·         Биенің аты;

·         Туылған күні (куні, айы, жылы);

·         Түсі;

·         Жынысы;

·         Бие иесінің, туылған құлынның алғашқы иесі болып табылатын шаруашылық аталуы;

·         Жаңа туылған құлынның болжамдалған аты;

·         Ауызша және графикалық сипаттамаларында - басындағы барлық белгілері, аяқтарындағы, орайлары, тыртығы, ен таңбасы, татуировка іжәне микрочип номірі бар болса корсетілуі қажет.

 

6. ПАСПОРТ

6.1. Жылқы тіркелгеннен кейін паспорт беріледі.

Паспорт ағылшын тілде толтырылады, оған келесі мәліметтер енгізіледі:

·         Жылқы аты;

·         Түсі, жынысы, туылған күні (күні, айы, жылы);

·         Туылған мемлекет;

·         Палата жайлы мәлімет;

·         Әкесінің аты;

·         Енесінің аты;

·         Белгілерінің және таңбаларының графикалық және ауызша сипаттамалары;

·         Құлынның ата-тегі;

·         Өмірлік номірі;

·         Микрочип нөмірі;

·         Құлын жазылған кітаптің томының нөмірі және бетті;

·         Туылған құлынның алғашқы иесі болып табылатын шаруашылық аталуы;

·         Құлын иесінің ауысуын тіркеу;

·         Шығу тегіне сәйкестігін анықталуына ДНҚ талдауын тексеру өткені жайлы белгісі;

·         Ветеринарлық және вакинацация туралы мәліметтерге арналған беттер;

·         Жылқының шетелдегі орынауыстыру жайлы барлық мәліметтер беттері.

6.2. Егер де жылқының иесі ауысса, оныңиесіжазбаша түрде Палатаға қабылданған нысанда (6Нысан)хабарлайды, және сол нысанға жылқының паспортын қосады.Иесінің ауысқаны тіркелгеннен кейін жылқы паспорты жаңа иесіне беріледі.

6.3. Жылқы паспорты жоғалған жағдайда иесі Палатаға, қабылданған нысанда

(7 Нысан) дубликат шығару үшін өтінім береді.

6.4. Өлген жылқылардың паспорттары, өлген күні жазып Палатаға өткізілуі тиіс.

 

 

7. ШЫҒУ ТЕГІН РАСТАУ

7.1. Құлынның кітапта тіркелуінің міндетті шарты бойынша, ата-тегін растау үшін қан немесе жал улгісінен ДНҚ талдауына тексерілу керек.

7.2. Жылқыны сәйкестірген кезде Инспектор жал үлгісін алу керек және ДНҚ талдауын өткізу үшін тікелей зертханаға жіберіледі.

7.3.ДНҚ талдауын өткізетін зертхана, сондай зертханалардың ішіндегі әлемдік қауымдастықтың мүшесі болу керек. Ол жыл сайын ұқсас зертханалардың арасында талдауға қатысып және әлемдік қауымдастықпен зертханаларға қойылатын барлық міндеттерін орындау керек.

7.4. ДНҚ талдауынаның нәтижесінде алынған генетикалық маркерлер, құпия ретінде зертханада сақталады және кітаптың талабы бойынша ғана беріледі.

 

 

 

8. ЖЫЛҚЫ АТЫН ТІРКЕУ

8.1.Қазақстан Республикасының аумағында туылған асыл тұқымды мініс  жылқыларының  аттары, Палатада тіркелуі міндетті. Қазақстан Республикасының аумағында туылған жылқылардың туған елінің ресми халықаралық коды (KAZ) болып табылады.

8.2.Егер де жылқы Қазақстан Республикасына атсыз әкелінсе, оның атын тіркеу үшін Палата жылқының туылған еліне өтінім жазады.

8.3.Тіркелген және жарияланған атты өзгерту, атты алғашқы тіркеген кітаптан сұрау арқылы өткізіледі.

8.4. Ат беру кезінде Палата халықаралық қорғалатын тізімді ұстану міндетті. Халықаралық келісімнің IABRW 14 бабына сәйкес:

·         Айғырлар. Өлген айғырдың атын өлген күннен бастап 15 жыл бойы қолдануға болмайды, немесе соңғы шағылысудан кейін 15 жыл бойы, немесе тірі кезіндегі 35 жасқа дейінгі аралықта беруге болмайды.

·         Биелер. Өлген биелердің аттарын өлген күннен бастап 10 жыл бойы қолдануға болмайды, немесе соңғы шағылысканнан кейін 10 жыл бойы, немесе тірі кезіндегі 25 жасқа дейінгі аралықта беруге болмайды.

·         Басқа да жыныстық және жас топтарына карай жылқылардың аттарын, өлген күннен бастап 5 жыл өтпесе және олардың тірі кезіндегі 20 жасқа толмағанына дейін қайталауға тиым салынады.

8.5. Егер де жоғарыда аталған 8 тармақ бойынша айтылған аралықтар орындалмаса, лақап аттың қайталанып тіркелуі мүмкін емес.

8.6. Егер де алғашында ат халықаралық қорғалатын  аттарының тізіміне кірсе, онда оның тіркелуі мүмкін емес.

8.7. Жылқының аты бос орындармен косып санағанда 18 белгіден аспау керек.

8.8. Жылқының аты ретінде, атақты адамның атын немесе фамилиясын олардың рұқсатынсыз беруге болмайды.

8.9. Атақты өнеркәсіп атауын олардың ресми рұқсатынсыз беруге болмайды

8.10. Жылқы аты санмен аяқталмауы керек.

8.11.Жылқы аты тек таңбалардан, инициалдардан ғана тұрмауы керек, белгілер, сызықша, қос нүкте болмауы керек.

8.12. Жылқының аты  жаргон және өрескел болмауы керек. Ол ешқандай да бір діндік, политикалық, этникалық топтарға тіл тигізізбеу керек. Айтылуы мен жазылуда одан ертерек тіркелген аттарға ұқсас болмау керек.

8.13. Жылқының аты оның әкесінің және туған бауырының атын қайталамау керек.

8.14. Жылқының аты әріптен баска белгі немесе символдан басталмауы керек.

 

 

9. АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ КӨБЕЙТУ МАҚСАТЫНДА ЕЛДЕН ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА (BCN)

9.1.Кез келген шарушылық биені немесе айғырды шет елге асыл тұқымды көбейту мақсатында жіберген жағдайда, жануар орналасқан мемлекет кітабына, арнайы керекті құжаттарды қосып өтінім береді. Сол құжаттар негізінде, асыл тұқымды мақсатта шығаралу туралы хабарлама беріледі (әрі қарай - BCN).        

9.2.  Құжат электрондық пошта, факс немесе басқа да ынғайлы коммуникация жолдармен, барған мемлекеттің кітабына тікелей жібереді. Жылқының, сондай-ақ буаз бие немесе айғырдың ДНҚ сертификаты сол құжатпен жіберіледі.

9.3. Жылқыны кері қайтарған кезде, өз мемлекеттің кітабі үшін, иесі, уақытша орналасқан мемлекеттің кітабіна керекті құжаттарды толтырып, өтініш береді.

BCNкелесі жағдайда жарамды:

·         Бір шағылысу маусымына (ең көбі 9 ай);

·         Бір ғана жеткізілетін мемлекет үшін.

9.4. Басқа да бір халықаралық BCN-нен тыс орын ауыстыру кезінде, BCN берген кітаптан  Экспортттық сертификатты келесі орын ауыстыру мемлекетіне талап етіледі.

9.5. Жоғарыда айтылып кеткен тармақтар орындалмаса, ол, өнімділік және/ немесе шабу нәтижесіне, сондай ақ туылған құлындарға кері әсер етеді.

 

10. ЭКСПОРТТЫҚ СЕРТИФИКАТ

10.1. Палата, Қазақстан Республикасында туылып және шет елге тұрақты мекендеуге шығарылатын жылқыларға, эспорттық сертификат рәсімдейді.

Шығарар алдында иесі, қабылданған тасымалдау туралы нысанды толтырып, оған поспорттың түп нұсқасын тіркейді (5 Нысан).

10.2. Егер, тасымалдау уақыты, BCN  де көрсетілген уақыттан артық болса не/ немесе орын ауыстыру мелекеті өкілетті орган кеңесінсіз өзгерсе не/немесе жылқыны шыққан еліне қайтару ниеті болмаса кітап Экспорттық сертификатты немесе оның электрондық көшірмесін жіберілген мемлекет кітабына жібереді.

10.3. Буаз бие экспортталган кезде, Экспорттық сертификатқа, салынған айғырдын мәліметі мен салынган күндері жазылған шағылыстыру сертификатын қосып жібереді.

10.4. ДНҚ сертификат, немесе оның, алынған үлгіден  интеграцияланган нұсқасы, Экспорттық сертификатка косылып жіберіледі.

10.5. Экспорттық сертификат жылқы иесіне берілмейді. Ол жылқыны шығаратын мемлекеттің кітабына тікелей жіберілуі тиіс.

 

 

11. ИМПОРТТЫҚ ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ ТІРКЕЛУІ

11.1.Қазақстан Республикасына импортталған жылқылар, халықаралық мәртебесіне ие кітапта тіркелген болу керек.  

11.2. Қазақстан Республикасына импортталған жылқыларды тіркеу үшін, келесі құжаттар талап етіледі:

·         Экспорттықсертификат;

·         Қазақстан Республикасына экспортталғаны туралы паспортында белгі қойылуы керек;

·         Туылған мемлекет кітабы куәладырылған 5 ұрпақтық ата- тегі;

·         ДНҚ сертификаты;

·         Буаз биелер үшін, шағылысу болған мемлекет кітабы шағылысусертификатын береді.

11.3. Импорттық жылқыны тіркеу кезінде, жылқы атынан кейін халықаралық туылған мемлекет коды көрсетіледі (4 бап IABRW).

 

 

 

 

12. ТАНЫЛМАҒАН ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ РЕГИСТРІНЕ ЖЫЛҚЫЛАРДЫ ТІРКЕУ ШАРТТАРЫ

12.1. Танылмаған жылқылардың регистрі – бұл асыл тұқымды кітапқа енгізіле алмайтын жарыс жылқылардың регистрі (әрі қарай - Регистр).

12.2. Танылмаған жылқы халықаралық ұйымның «Сегіз ұрпақ ережесін» қолдана отырып, танылмаған жылқылардың регистрін, асыл тұқымды деңгейге дейін көтереді.

12.3. Регистрге тіркелінген жылқылар, туылған мемлекетте, сынақтан щеттетілмеген жағдайда регистрдегі жылқылармен де, таза қанды жылқылармен де сынала алады.

12.4. Жылқылардың Регистрге тіркелуі, асыл тұқымды жылқылармен бірдей өткізіледі.

12.5. Танылмаған жылқылар регистрі, асыл тұқымды жылқылардың кітабі, IABRW 13 бабы бойынша жүргізеді.

12.6. Регистрден басқа мемлекеттің регистріне ауыстыру, екі жақтың кітаптарының келесімі бойынша жүргізіледі.

12.7. Жылқының регистрге жазылу үшін, ата – енесінің бірі таза қандылығын растайтын құжаттары болу керек, керегінше ата – енесінің екіншісінің тұқымын көрсетеді.

12.8. Регистр асыл тұқымды кітаппен бірге шығарылады.

 

 

13. ТАНЫЛМАҒАН ЖЫЛҚЫНЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ РЕГИСТІРІНЕ АУЫСУ ШАРТТАРЫ

13.1. Танылмаған регистрдан танылған жылқылардың регистріне ауысуы, келесі шарттар бойынша:

·         Ата тегі, аталған ұрпаққа дейін 8 таза қанды ұрпақ көрсету керек.

·         Ата тегунде, екі регистр жылқылары қатысқан сынақта жақсы нәтиже көрсеткен жылқылардың болуы.

·         Жылқыны ISBC бірауыздан қабылдау керек.

13.2. ISBC жиналысында қабылдаған жылқы туралы, өткізілген күні көрсетіліп, кітаптің қосымшасында тіркелуі керек.

 

14.ТАНЫЛМАҒАН ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ РЕГИСТРІНІҢ ШЫҒАРЫЛЫМЫ

14.1. Регистр, жыл сайынғы асыл тұқымды кітабіның тұрақты қосымшасы немесе томдармен шығарылады.

 

15. СОҢҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР

15.1. Шағылысу маусымы 15 Ақпанна 1 Шілдеге дейән аяқталуы тиіс. Шағылысу нәтижесі ағымдағы жылдың 1 Тамызына дейін бекітілген нысанда (3 Нысан) Палатаға өткізілуі тиіс.

15.2. Бұл ереже, Қазақстан Республикасы аумағында таза қанды жылқы өсіпетін барлық нысандағы шаруашылықтарға ортақ.

15.3. Палата, ереженің қандай да біп шарты орындалмаған жағдайда тіркеуден бас тартуға құқылы.  

15.4. Палата, жыл сайын танылмаған жылқыларды халықаралық ұйыммен танылу мақсатында жұмыс жасайды.

15.5.Жылқыларды Палатада тіркеу ресми қабылданған бағамымен ақылы түрде жүргізіледі.